31.07.2017
Құрылыс жұмыстарының құрылымында 82,2%-ын құрылыс-монтаж жұмыстары (48,1 млрд. теңге), 11,9%-ын – ағымдағы жөндеу (7,0 млрд. теңге), 5,9%-ын – күрделі жөндеулер (3,4 млрд. теңге) алды.
Меншік нысандары бөлінісінде құрылыс жұмыстарының негізгі көлемін жеке ұйымдар орындады. Жалпы көлемдегі олардың үлес салмағы 84,1%-ды құрады, шетел меншік нысанына 14,0%-ы, мемлекеттік меншік нысаны үлесіне 1,9%-ы келді.
2017 жылғы қаңтар-маусым ең үлкен құрылыс жұмыстарының көлемі кен өндіру және өңдеу өнеркәсібіне арналған құрылыстарда – 41,8% (24497,4 млн. теңге), автомагистральдарда – 17,2% (10088,8 млн. теңге), беріліс құрылғыларында – 12,4% (7232,7 млн. теңге), тұрғын ғимараттарда – 10,5% (6146,7 млн. теңге) және өнеркәсіптік ғимараттарда – 8,7% (5066,2 млн. теңге) орындалды.
Осы кезеңде құрылыс көлемінің көп сомасы шоғырланған Өскемен қаласы – 14,6 млрд. теңге (немесе облыстық көлемнің 25,0%) болып табылды. Құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша екінші өңір аудан Жарма – 8,8 млрд. теңге (немесе 15,1%) болып табылды.