19.07.2017
Жол картасына 10 бағыт бойынша 31 нысаналы индикатор енгізілген. Осы арқылы өңір жастары арасында қалыптасып отырған әлеуметтік проблемаларды кезең-кезеңімен шешу, табысты, бәсекеге қабілетті және ұлтжанды жас қазақстандықтарды қалыптастыру мақсатында салаларалық байланыс күшейтіледі.
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу де басты назарда тұр. Осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіру мақсатында «Облыс бойынша NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау жөніндегі егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары» бекітілді.
Жоспар аясында жастарға қылмыстың алдын алу шараларын насихаттау мақсатында өткізілген кездесулер барлық жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен аудандарда, 36 ауылдық округте өтіп, оған 6000-нан астам жас тартылды. Кездесуде жастар тәрбиесі, ұлттық құндылықтарымызды сақтау мақсатында түсіндірме жүргізіліп, арнайы әзірленген бейнероликтің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, облыс әкімдігінің ахуалдық орталығында NEET санатындағы жастардың модулі құрылуда. Модульдің негізгі мақсаты осы санаттағы жастар көрсеткішінің өсу динамикасын бақылау және оларға әсер етуші факторларды анықтау, сәйкесінше олармен нақты жұмыс жүргізу.