• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
БҚО-да  41 әлеуметтік - инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады 19.07.2017

Облыс әкімдігі хабарлағандай,   өңірде жер қойнауын пайдаланушы есебінен 2017 жылы жол, тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысы бойынша 41 жобаны жүзеге асыру көзделіп отырғанын атап көрсетті.

Мұны рекордтық көрсеткіш деуге болады. Мысалы, «ҚПО б.в.» компаниясының әлеуметтік жобаларға бөлінетін қаржысы есебінен облыста 70 км, соның ішінде Орал қаласында 19 көшеде жол жөндеу, депо көпірін қайта салу жоспарланған.

Жер қойнауын пайдаланушы қаржысы үш көп қабатты тұрғын үй (273 пәтер), бір орта мектеп пен дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Ақсай қаласы мен Бөрлі ауылында қос бірдей балалар бақшасы құрылысына, Оралдың үш көшесі мен әуежайға дейінгі жолда жарықтандырудың бетон тіректері мен әуе желілерін жерасты желілеріне ауыстыру, қуат үнемдейтін шамдар орнату, әлеуметтік нысандар жөндеу, инженерлік желілер мен жолдар тартуға бағытталған. Бұдан басқа Бөрлі ауданы Аралтал ауылында 100 тұрғын үй құрылысы аяқталады.

«Барлық жобалар уақтылы және сапалы жүзеге асырылуы тиіс», деді Алтай Көлгінов. Жиында сондай-ақ «ҚПО б.в.» компаниясы тарапынан мемлекеттік сатып алуда жергілікті үлесті көбейту бағытында бұдан былай да белсенді жұмыс жасау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Қарашығанақ жобасындағы қазақстандық қатыстың үлесі 530 млн. АҚШ долларына жетіп, 51,6 пайызды құрады.

 


Back to the list