• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағанды облысының жолдарында 174 331 тонна асфальт қоспасы төселген 18.07.2017

Бұл көлемнің басым бөлігі – 215 000 тоннасы – жоспар бойынша Қарағанды қаласына тиесілі. Облыс орталығында 127 нысан жөнделеді. Олардың 43-інде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 18 көше жөнделіп болды. Ал 64-інде дайындық жұмыстары өткізіліп жатыр. 

Жезқазғанда 40 500 тонна асфальт қоспасы төселеді деп жоспарлануда. Онда 7 жол жөнделеді. Гагарин және Жастар көшелерінің бойындағы жолдар жөнделіп болды. Абай, Алашахан және Байқоңыров көшелеріндегі жұмыстар жалғасып жатыр. Сондай-ақ №5 жол өтпесінде жөндеу жүргізілуде. 

Балқашта Қадыржанов, Бейбітшілік, Рысқұлов, Амангелді, Иванов, Ағыбай батыр, ағайынды Мусиндер көшелері және Балхаш станциясына барар жол жөнделіп болды. Бөкейханов, Желтоқсан және Сәрсембаев көшелерінің бойында жол жиектер орнатылып, фрезермен өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Теміртау қаласында Республика даңғылында, Қарағанды тас жолынан бастап Металлургтер даңғылына дейінгі бөлігінде ірі асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда. Одан әрі Металлургтер даңғылынан Разин көшесіне дейін асфальт бетон жабыны төселеді. Осы уақытқа Чернышевский, Разин көшелеріндегі және Батыс өнеркәсіп аумағындағы жолдар жөнделіп болған.


Back to the list