18.07.2017
ШҚО әкімі атап өткендей, бірінші жарты жылдық еліміз үшін маңызды саяси оқиғаларға толы болды. Сонымен қатар, экономиканы жаңғыртудың үшінші кезеңі және «Рухани жаңғыру» президенттік бағдарлама басталды. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуы да ауқымды өтті, оған жарты милионнан астам адам қатысты. Оның ішінде 25 мыңға жуығы ШҚО тұрғындары.
«Өндіріс, АӨК, құрылыс пен сауда экономика өсімінің драйверіне айналды», – деді Даниал Ахметов.
ШҚО әкімдігінен хабарлағандай, өңірдің өндірістік кәсіпорындары өнім өндірісін 53 млрд теңгеге арттырды. Өндірістің артуына Ақтоғай тау -байыту комбинаты құрылысының аяқталуы серпіліс берді. Жаңа заманауи технологияларды пайдалану арқылы Бақыршық тау-бауыту кешенінің алтын-кен кенорнын игеруі, жаңа индустриялды өндірістер де өз үлестерін қосты. Жалпы, 2017 жылы 3 мыңнан астам жұмыс ашуға мүмкіндік беретін 434 млрд теңгеге 11 жоба жүзеге асырылуда.