• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
М.Мырзалин жыл соңына дейін жоспарланған тұрғын үйлердің енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырды 18.07.2017

«Халықтың әлеуметтік-осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру» бағыты бойынша облыста 10 жоба іске асырылуда. Бұл Көкшетау қаласы бойынша 8 жоба және Аршалы, Жақсы аудандарында бір-бір жобадан. Қазіргі уақытта барлық жобалар бойынша жұмыстар басталған.

Сондай-ақ "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы несиеге берілетін тұрғын үй құрылысы" бағыты бойынша 2017 жыл қорытындылары бойынша Көкшетау қаласында ауданы 13,1 мың ш.м. болатын 6 көппәтерлі тұрғын үйді немесе 206 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. 

Өңір әкімдігінде хабарлағандай, жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды облыстың 7 ауданында іске асыру жоспарлануда. Аудандардың әкімдіктері учаскелерді дайындау бойынша жұмыстар жүргізуде. Осы мақсаттар үшін Көкшетау, Атбасар, Ақкөл, Щучье қалаларында және Аршалы, Бурабай, Зеренді, Шортанды аудандарында ЖСҚ әзірленуде. 

Өңір басшысы Мәлік Мырзалин тиісті қалалар мен аудандардың әкімдеріне жыл соңына дейін жоспарланған тұрғын үйлердің енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.


Back to the list