17.07.2017
Сонымен, өңірдегі өзекті мәселелерді шешу мақсатында 30 мыңнан астам тұрғын үй мен жер теліміне деген азаматтардың сұранысын қанағаттандыру үшін қаланың шығыс бөлігінен «Отырар» ықшам ауданы бой көтеруде. Қазіргі таңда мұнда 60 пәтерлі 8 үйдің құрылысы жүргізілуде.
Аймақ әкімдігінің мәліметі бойынша биыл мұнда тағы да 6 үйдің құрылысы басталады.
«Келер жылы мұнда 20 көпқабатты тұрғын үй салынса, одан бөлек 150 коттедж бой түзейтін болады. Мұнда қоныстанған отбасылардың балалары үшін қазіргі күнде балабақша, мектеп мәселесі туындап отыр. Біз мәселенің түйінін мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында шешуді жоспарлап отырмыз», - деді Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев.
Таяу күндері «Отырар» шағын ауданынан 280 орындық балабақша құрылысы басталады деп күтілуде. Ал келер жылы жаңа мектеп ғимаратын салу жоспарда бар. Бұл құрылыстардан басқа ауданда 200 орындық балаларға арналған психологиялық-түзету орталығы бой көтеретін болады.
Атап өтер болсақ, қаланың әкімшілік іскерлік орталығы да осы шығыс бөліктен салынады.