• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Өңірлік тауар өндірушілер ауыл шаруашылығының 600 тоннадан астам өнімін ұсынады 15.07.2017

Ақмола, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен 600 тонна азық-түлік өнімін ұсынады.

Мәселен, жылқы етінің 1 келісін 1500 теңгеге сатып алуға болады, сиыр етінің 1 келісі 1250 теңге сомасында ұсынылмақ, сұйық май 340 теңге көлемінде сатылымға шығады.

Азық-түлік өнімінің 35-тен астам түрі ұсынылады: ет және  сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидектер, сұйық май, күріш, балық және т.б.

Дәстүр бойынша жәрмеңке өңірлік шығармашылық ұжымдардың ұйымдастыруымен концерттік бағдарламамен жалғасын таппақ.

Келесі демалыста өтетін жәрмеңкеге Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік-Қазақстан және Қостанай облыстары келеді.


Back to the list