13.07.2017
Биылғы жоспар бойынша айналымға алынуы тиіс жер көлемі 80 мың гектар болып отыр.
Өткен жылы жалпы аумағы 79,7 мың гектар болатын 364 жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.
Облыстық жер қатынастары басқармасының дерегі бойынша 2012-2016 жылдары мемлекеттің босалқы жерлерінен жалпы көлемі 373,2 мың гектарды құрайтын 1494 жер учаскесі сауда-саттық (аукцион, конкурс) жолымен және мемлекеттік бағдарламалар негізінде ауыл шаруашылығы айналымына алынды.
Оның ішінде: 2012 жылы аумағы 41,6 мың гектар болатын 233 жер учаскесі, 2013 жылы 37,6 мың гектарлық 262 жер учаскесі,
2014 жылы 120,5 мың гектарға жеткен 327 жер учаскесі, 2015 жылы көлемі 93,8 мың гектар болатын 308 жер учаскесі айналымға қосылды.