12.07.2017
Бағдарламаның негiзгi мақсаты — жаңа жұмыс орындарын сақтау мен құру. Бiрыңғай бағдарламаның қатысушылары үшiн 2014-2016 жылдары 16 мың жұмыс орны сақталды.
«2014-2016 жылдары шағын кәсiпкерлiк субьектiлерiнiң 699 өтiнiмi мақұлданды, оның iшiнде 516 өтiнiмнiң сыйақы ставкасы демеуқаржыландырылды», — дедi Құралай Жарова.
Бизнестiң жол картасы-2020» атты бизнестi қолдау мен дамытуға арналған бiрыңғай бағдарлама болып табылады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшiн 2014-2016 жылдары өңiрге республикалық бюджеттен 5,7 млрд. теңге көлемiнде мақсатты трансферттер бөлiндi, оның 3,7 млрд. теңгесi сыйақы ставкасының бөлiгiн демеуқаржыландыруға, кепiлдендiруге, гранттық қаржыландыруға, 2 млрд. теңгесi өндiрiстiк инфрақұрылымдарды дамытуға жұмсалды.
Әрi қарай Құралай Жарова гранттық қаржыландыру тетiктерi жайлы айтып берді.
2014-2016 жылдары гранттық қаржыландыру тетiктерi бойынша аудандар мен Петропавл қаласындағы кәсiпкерлдердiң 101 өтiнiмi қаралып, оның 17 жобасына 53,2 млн. теңге бөлiнген.
Бұдан басқа, 2014-2016 жылдары өндiрiстiк инфрақұрылымдарды дамыту тетiктерi бойынша 17 жобаның сомасы 2 млрд. теңгенi құрайтын 13 жобасы жүзеге асырылды. Кәсiпкерлермен 47 жаңа жұмыс орны ашылды.