• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Теміртауда 50 шақырымға жуық автожолды жөндеу   жоспарланған 10.07.2017

Облыстық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферт 1 млрд теңгені құрады, ал мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеулерді есепке алатын болсақ 213,7 млн теңгеге кеміді. Қалған сома қалалық бюджеттен қарастырылған. Байқау нәтижелері бойныша тапсырыстар 1,8 млрд теңгеге берілді. Ал, үнемделген қаржы қосымша жөндеу жұмыстарына бағытталды.

Қалада 50 шақырымға жуық автожолды жөндеуден өткізу жоспарланған.

Бүгінде жұмыстар 10 учаскеде жүргізілуде, 8 мердігер компания тартылған және барлық жөндеу жұмыстары кестеге сай күзде аяқталуы тиіс.

Қала әкімдігінен хабарлағандай, екі учаскеде - Чернышевск көшесі мен Ескі қалада жұмыстар аяқталып  қалды.

Атап өтер болсақ, Қарағанды облысында аймақ басшысы Ерлан Қошановтың бастамасымен автожолдарды жөндеуден өткізуге басымдылық берілген. ҚР Үкіметінің қолдауының арқасында республикалық бюджеттен аталмыш мақсатта қаржыландыру бірнеше есе артты -  900 млн-нан 4,5 млрд теңгеге дейін.  Ағымдағы жылы аймақ бойынша 600 шақырымға жуық жол қалпына келтіріледі. Ауқымды жөндеу жұмыстары халықаралық дәлізде, сонымен қатар Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған мен Сатпаев тас жолдарында жүргізілуде. 


Back to the list