• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылорда облысында газдандыру жұмыстары жүргізілуде 10.07.2017

Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауының газ таратушы желілерін салу» жобасының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу үшін облыстық бюджеттен 12,2 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттама әзірленуде.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласы Қызылорда -2 АГТС –нен тартылатын газ құбырынан Белкөл кентін газдандыру үшін облыстық бюджеттен 378,8 млн. теңге қаржы қаралған. Бүгінгі күні мердігер мекеме анықталып, келісім-шарт жасалуда.

Жосалы кентінде АГТС орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысын жүргізу үшін 2017 жылға республикалық бюджеттен 500,0 млн теңге, облыстық бюджеттен 55,6 млн теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда, аталған жоба бойынша мемлекеттік сатып конкурсы өткізілуде. 2018-2020 жылдарға 12 жобаны (Жосалы, Сексеуіл, Қамыстыбас, Шоқай, Ақеспе, Ақсуат, Бесарық, Теренөзек АГТС-терінің құрылысы мен, Жалағаш, Жосалы, Жақсықылыш, Теренөзек елді мекендерінің кварталішілік газ құбырларының құрылысы) республикалық бюджеттен 13,5 млрд.теңгеге қаржыландыру үшін ҚР Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінімдер жолданды.


Back to the list