• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Шардарада балық өнімінің 80 пайызы экспортқа шығарылады 04.07.2017

Облыс әкімдігі хабарлағандай,  Шардарада   жылына 5 мың тоннадан астам балық өнімін өндіруге қауқарлы 4 балық өңдеу зауыты бар.

Шардара ауданының әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысу мақсатында арнайы жұмыс сапарымен барған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев балық шаруашылығымен айналысатын «Хамит» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінде болды.

Балық өңдеу зауытының процесімен танысқан аймақ басшысы бұл шаруашылықта коопертивтер құру арқылы өнімнің көлемін  ұлғайтуға болатынын жеткізді.

Мұздатылған, ысталған және тұздалған балық пен филе өнімдерін шығаратын кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 2500 тонна. 250 адамға жұмыс тауып беріп отырған бұл зауыт шет мемлекеттерге бәсекеге қабілетті балық өнімдерін шығарумен танымал.

Кәсіпорынның тыныс-тіршілігіне жете қаныққан облыс әкімі аталған кәсіпорынның су қоймасында орналасқан торлы шарбақтағы балық өсіру жұмысымен де таныс болды.

Су қоймада өткен жылы 39 тонна балық қолдан өсіріліп шықса, биыл бұл көрсеткіш екі есеге ұлғайтылып, яғни, 80 тоннаға дейін жеткізілмек.

Жалпы ауданда балықты қолдан өсіру және молайту шаруашылығымен айналысатын 5 кәсіпорын болса, оларда бүгінде 300 тоннаға жуық балық өсіріліп жатыр.

Сондай-ақ, Шардара ауданында алдағы уақытта балық өңдеумен айналысатын тағы да екі шағын кәсіпорын ашу жоспарлануда.

 

 


Back to the list