22.06.2017
Алтынкөл рельстерінің ені әртүрлі екі елді байланыстырып жатқан ірі станция болып табылады.
«Осы жерде екі пойыз паралель жолдарға қатар тұрып бір біріндегі жолаушылармен алмасады. Яғни, біздің жолаушылар қытайлық пойызға отырып, ондағы туристер біздің пойызға ауысып мінеді. Дәл сол кезде жолаушылар шекара мен кеден тексеруінен де өтіп үлгереді. Бұл уақытты үнемдейтін ең оңтайлы тәсіл,-дейді пойыз бастығы Эльвира Таштырова.
Пойыз 31 отандық «Тұлпар-Тальго» вагондарынанан құралған және күн сайын қатынайды.
Қосымша сұрақтар бойынша темір жол вокзалдарының кассаларына немесе 105 бірегей анықтама қызметіне телефон шалыңыз.