• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Шымкентте жаңа шағын  аудан салынады 15.06.2017

Жаңартылуы тиіс ауданның жалпы көлемі – 29 гектар. Енді Қошқар ата өзенінің оң жағалауындағы 460 нысан сүрілмек. Соның ішінде 420 жекеменшік үй бар.

«Сәулетшілердің жоспарынша, бұл нысандар сүрілген соң орнына 9 және 12 қабатты 61 үй, балабақша салынады. Ал мұндағы мектеп кеңейтіліп, танымастай өзгереді дейді жауаптылар. Коммерциялық нысандар да салынбақ, дегенмен, олар халыққа қатты кедергі келтірмеуі тиіс. Олар әдеттегі тыныш шағынаудандардағы секілді нысандар болмақ», - делінген хабарламада.  

Бұған қоса қазіргі таңда Қошқар ата өзенінің бастауынан Ордабасы алаңына дейінгі сағасын кеңейту жобасы талқылануда. Ол жүзеге асқан соң өзен танымастай өзгереді дейді жауаптылар. Олар өзен жағасында өсіп тұрған ағаштарды толық сақтап қаламыз деп сендіреді.

 

 

 


Back to the list