15.06.2017
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, алғашқы рет түнгі сағат 12-ге дейінгі жұмыс кестесі іске қосылған Сауран, 7 мекенжайындағы астаналық Халыққа қызмет көрсету орталығы қазіргі кезде баршаға танымал.
«Біз пилоттық жобаға мұқият мониторинг жүргіздік. Оны іске қосқан сәттен бастап сағ. 20.00 мен 24.00 аралығы кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсетуге шамамен екі мың өтініш қабылданып, 506 құжат берілген», -деді Оспанов.
Сенбі күні бұл бөлімдер сағ. 20.00-ге дейін жұмыс істейді.