• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана әуежайының жаңа терминалында Duty Free аймағы ашылды 13.06.2017

Мұнда халықаралық бағдардағы жолаушылар онда мыңнан астам әлемдік және қазақстандық бренд өнімдерін алады.

«Әуежайды дамытуда баж салығынсыз сауда алаңын ашудың маңызы зор. Астана халықаралық әуежай болғандықтан, баж салығынсыз алаң болуы тиіс. Біз осы жобаны жүзеге асырдық», - деді Астана халықаралық әуежайының басқарма төрағасы Паоло Ричиотти.

Баж салығынсыз сауда аймағының ерекшелігі - «Spirit of Kazakhstan» дүкені, мұнда жоғары сапалы отандық өнімдер: тағамдар, ұлттық киімдер, ЭКСПО-2017 әсемдік заттары, кәдесыйлар басқа да түрлі зергерлік, қолөнер  бұйымдары бар.

Астаналық әуежай жолаушыларға сапалы қызмет көрсету мен олардың сұранысын қанағаттандыру үшін қызмет көрсетудің жаңа түрлерін игеру үшін барлық шараларды жүзеге асыруда.


Back to the list