• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ОҚО-да қарқынды бау егу қарқын алуда 13.06.2017

Ордабасы ауданында қарқынды бау егудің дамуына   «Green town south» ЖШС өз үлесін қосып келеді. Компания 16,5 гектарға қарқынды бау егуді жүзеге асыруда.

ОҚО  әкімі  Жансейіт Түймебаев Ордабасы ауданына сапары барысында  атап өткендей,  қарқынды баудың аумағын кеңейту тапсырмасын жүзеге асыру барысында осы тектес шаруашылықтардың әдісімен бөлісу және тарату керек.

Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбековтың айтуынша,  өңірдің ауыл шаруашылық даму қарқынын баяндап, интенсивті бау көлемін арттыру ісі кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын жеткізді.  Қазіргі таңда аталмыш бауда алманың «Голден Делишес», «Роял Гала» сұрыптары егіліп, баптауға алынған. Кешендегі құрылыс жұмыстары 2017 жылдың қыркүйек-қазан айларында толығымен аяқталмақ.  Егер жоба толық қуаттылығына көшсе,  мұнда жылына 1000 тонна жеміс жиналатын болады.   Жобалық құны 140 млн. теңгені құрайтын бау кәсіпкерлердің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Ордабасы ауданында бүгінгі таңда қарқынды бау 452 гектарға жетті.


Back to the list