12.06.2017
Облыс әкімдігінде хабарлағандай, биыл 1,2 млрд теңге Өскемен жолдарын жөндеуге бағытталды. Биылғы маусымда мердігерлер Тәуелсіздік, Абай, Орджоникидзе, Қазақстан, Согринская, Скалистая, Революционная, Пермитина, Грейдерная көшелеріндегі жолдарды жаңартады. Жөндеу жұмыстарына орташа есеппен 10 компания атсалысады. 18 учаскенің 6-ы жөнделді.
Биылғы жылы Өскемен жолдарын жөндеуге 200 млн теңге бөлінді. Бүгінде жұмыстың 80 пайызы орындалды.