08.06.2017
Әкімнің айтуныша, арнайы қабылданған бағдарламаға сай алдағы жылдары 844 елді мекеннің 701-і, яғни 83 пайызы ауыз сумен қамтылады.
Бұдан басқа, оңтүстікте 2017 жылы 57 елді мекен көгілдір отынмен қамтылады. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 14,1 млрд теңге жұмсалатын болады.
«Облыстың елді мекендерін 2017-2020 жылдар аралығында газдандырудың кешенді іс-шара жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес 2020 жылға қосымша 383 елді мекенді газдандыру жоспарланып отыр. 2021 жылға табиғи газбен қамтылған елді мекендер санын 683-ке немесе 2 млн. 720 мың тұрғынға жеткізу межеленіп отыр»,- деді Жансейіт Түймебаев.
Жалпы, облыста 844 елді мекеннің 300-і табиғи газбен қамтамасыз етілген. Яғни бұл өңірдің 1 755 307 тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізіп отыр деген сөз.