• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Туған жер» аясында  Ақтөбе балалары   робот  техникасын   тегін үйренеді 05.06.2017

«Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-та университет бітірген балаларымыздың арқасында STEM білімі біздің қаламызға да жетіп отыр.

Мәселен, 2017 жылдың сәуірінен бері біздің қаламыздың балалары сертификатталған оқытушының жетекшілігімен 1-8 класс білім алу, инженерлік өнер негіздерін үйрену, әлемдік программалау мен роботтандырумен танысу, сондай-ақ 3Д принтерінен өздерінің балама инженерлік идеяларын шығарып, жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болды.

Еліміздің Президенті Н.Назарбаев өзінің соңғы Жолдауында экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін ІТ-индустрияны дамыту, өндірісті автоматтандыру және роботтандыру жолымен дамытуды, бұл міндеттерді инженерия, робот техникасы, программалау және 3Д-модельдеу секілді бағыттарды білетін кәсіби мамандар ғана жүзеге асыра алатынын айтқан болатын.Болашақ кәсіби мамандар туралы айтқанда, олардың тиісті тәжірибе алулары қажеттігін де айтып өту керек.

Айта кетейік, АҚШ-та және басқа Батыс Еуропа елдерінде STEM орталығы деп аталатын тиісті орталықтарда қабілеттерін дамытады. Бұл оқу орыны қандай орын?.. STEM ұғымы sience, technology, engineering, mathematic деген сөздерден құралған. АҚШ-та 90-жылдардың аяғында кеңінен тарады, қазіргі кезде АҚШ-тың білім министрлігі жанында STEM департаменті пайда болды.


 

 


Back to the list