• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
БҚО-да жол жөндеуге  1,5 млрд теңге бөлінеді 05.06.2017

Өңір әкімі Алтай Көлгінов жолдардың жөнделуі мен құрылысы басымдықта тұрғанын айтты. 18,3 млрд теңгенің  1,5 млрд теңгесі  аталмыш мақсатқа жұмсалады.

«Биыл облыстың жолдарын жөндеуге  36,5 млрд теңге бөлінді. Қалпына  480 шақырым жол келтіріледі. Облыстық орталық  бойынша  8,3 млрд теңгеге  67 көшеде жөндеу  жұмыстары жүргізіледі. Өткен жылдары негізгі магистраль бойынша жөндеу жүргіздік, қазір қала сыртына да жеттік. Облыс орталығы бойынша жылына  50 км жол жөндеу керек.  Егер жылына  80-100 км жөндейтін болсақ, 4-5 жылда бұл мәселені шешеміз. Қазіргі таңда алдағы жылдарға ЖСҚ  дайындап жатырмыз», - деді А.Көлгінов.

Айта кетейік, жолдарды жөндеуге  1,567 млрд теңге бөлінді, оның ішінде  Ақжайық, Теректі, Зеленовский, Шыңғырлау, Тасқалы аудандарының жолдарын   орта және күрделі жөндеу жүргізуге, Сырым ауданындағы жолдың  құрылысын аяқтау, Орал жолдарының  39 нысанын қайта жөндеу бар.

Сессия қорытындысы бойынша депутаттар 2017 жылғы облыстық бюджетті түзетуді қолдады. Өзгерістерді ескеретін болсақ,облыстық бюджет кірістер мен шығыстарды ескергенде  142 млрн теңгені құрайтын болады.

Ақпаратқа сәйкес, облыстық бюджетті нақтылау республикалық бюджеттен трансферттік мақсатта  тағы 18,3 млрд теңгенің бөліуіне орай жүргізілді. 


Back to the list