02.06.2017
«Әр аймақтың бизнесті дамыту картасы болғаны жөн. Ол аймақтық бейімділікке негізделуі керек. Олар өздерінің қалыптасқан артықшылықтарын пайдалана білуге тиіс және өткізу нарығы мен логистикалық мүмкіндіктерін түсінгені абзал. Аймақтық картада жұмыс істеп жатқан өңірлік ірі және орташа кәсіпорындардың төлқұжаттары, бизнес бастамалары болуы тиіс», - деп баса айтты Тимур Құлыбаев.
Президиум төрағасының айтуынша, туризм – бұл негізгі драйверлердің бірі және оны аймақтың аумағында дамытуға болады.
Өз кезегінде облыс әкімі Болат Бакауов Павлодар облысында туристік саланы дамыту бойынша шеберлік жоспар жасақталып бекітілгенін хабарлады.
Толықтыра кететін болсақ, өңірде «Қызыл-Тау» зоологиялық қорықшасы бар Баянауыл мемлекеттік табиғи паркі, Қазақстан шипажайы «Мойылды» саноторийі, Ертіс өзенінің алқабы, көптеген табиғи, археологиялық, мәдени және этникалық ескерткіштер бар.
Бұдан басқа, облыста 91 туристік компания тіркелген, оның ішінде 82 компания турагенттік қызметті, 9 компания туроператорлық қызметті атқарады.
Айта кетерлік жайт, ЭКСПО қарсаңында «Астана ЭКСПО-2017»ҰК»АҚ аймақтың екі компаниясы «Саят- Павлодар» және «Пять Звездпен» меморандумға отырды. Аталмыш туристік фирмалар облыс бойынша 5 туристік бағытты жасақтады.