• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Екі облыстың кәсіпорындары 20 млрд теңгеге меморандумға қол қойды 01.06.2017

Шығыс Қазақстан әкімдігінен хабарлағандай, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қос аймықтың басшылары Даниал Ахметов пен Амандық Батталов қол қойды. Сонымен қатар келісімге екі аймақтың кәсіпорындары да отырды: «АЗИЯ АВТО»АҚ, «Қазмырыш»ЖШС, «Қайнар – АКБ»ЖШС, «Тексан Қазақстан Инвест»ЖШС мен басқалар. Алматылықтар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге мүдделі. Ал, Шығыс Қазақстан үшін көрші аймақ өнімін өткізу нарығы болып отыр.

Екі күннің ішінде Алматы облысынан келген делегаттар Өскеменнің маңызды спорттық, медициналық, мәдени, өндірістік нысандарын аралады. ШҚО әкімі нәтижелі жұмыс үшін қонақтарға алғыс білдірді.

«Мұндай сапарлар біздерді жақындастырады. Біз Алматы облысының туризмді ұйымдастыру саласындағы тәжірибесін зерттеудеміз. Олардың деңгейі жоғары және бұл бізге демеу береді. Сондықтанда Аллакөлді абаттандыру бойынша үлкен жұмыстарды жүргізудеміз. Біз алматылықтардың біздің аймаққа демалуға келуге мүмкіндігі болғанын қалаймыз», – деді Даниал Ахметов.

Ағымдағы жылы заманауи Өскемен – Алматы тас жолының құрылысы жалғасады. Қос қаланы байланыстыратын бұл магистраль туризмді дамытуға демеу болады.

Айта кетерлік жайт, аймақта ірі қала құрылысы кәсіпорындары бар, сонымен қатар әлеуметтік сала нысандары мен абаттандыру жұмыстарына үлкен көңіл бөлінеді. 


Back to the list