30.05.2017
Шахандағы қайғылы оқиғадан кейін облыс басшылығы барлық көпқабатты үйлердің жертөлелеріндегі жылыту қазандықтарын сыртқа шығаруды ұйғарды.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысындағы 30 көпқабатты үйлерде АЖЖ орналасқан. Оның 14-і Шахан кентінде, 11-і Шет ауданында, 3-і Саранда және бір-біреуден Теміртау мен Ақтоғай ауданында.
Әкімдердің айтуынша бүгінгі таңда Саран, Теміртау және Ақтоғай аудандарында келесі жылыту маусымы басталғанға дейін АЖЖ шығаруға қатысты шешімдер бар.
«Жалпы саны – 5. Шахан кентіне қатысты Шахтинск қаласының әкімігімен 14 АЖЖ шығару кестесі құрылған. Бүгінгі күні екі үйдегі жұмыстар аяқталды», деп мәлімдеді Қайрат Бегімов.
Оның айтуынша Шет ауданының Ақадыр кентінде 5 модульдік қазантық салу жоспарланған. «Жергілікті бюджет есебінен жобалық-сметалық құжаттама құруға 10,6 млн. теңге бөлінген. Жобаға сай 11 АЖЖ бар көпқабатты тұрғын үйлерді жүйеге қосу, сондай-ақ пеш арқылы жылытылатын 22 екі қабатты үйді де қосу қарастырылған», - дейді басқарма жетекшісі.
Жобаның құны шамамен 148 млн. теңгені құрайды. Сәуір айында жобалық сметалық құжаттарды дайындауға байқау жарияланған болатын, потенциалды жеткізушілер бар. Маусымның ортасына қарай байқаудың қорытындысы жарияланады.