29.05.2017
Қарағанды облысында апта сайын жылыту маусымына дайындық жұмыстарына мониторинг жүргізіледі. 2017 жылы барлық жөндеу науқанына 46,1 млрд теңге қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 млрд теңгеге көп. Жалпы, ағымдағы жылы 17,7 млрд теңгеге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және 8 жылуэлектрстанциясын жаңғырту жоспарланған.
Осы ретте, 2,3 млрд теңге 67 локал қазандықтарын және 736 автономды жылыту жүйесін жылыту маусымына дайындауға қарастырлыған.
«Бұдан басқа, 5,5 млрд теңге ұзындығы 94,75 шақырым жылу желілерін, 9 млрд теңге ұзындығы 4500 шақырымнан астам электр желісі мен 772 шағын станцияға жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталатын болады», - деп хабарлады әкімдіктен.
Сонымен, аймақта жылыту маусымына 6 761 тұрғын үй, 770 білім беру нысаны, 134 денсаулық сақтау нысаны, 240 мәдениет нысаны және 55 спорт нысаны дайындалады. Жылыту маусымына дайындық құжатын тұрғын үйлер 25 қыркүйекке дейін, ал әлеуметтік-мәдениет нысандары 1 қыркүйекке дейін алуы керек.
Бүгінде жылу электрстанциялардың мәліметі бойынша, екі жылу қазандығы мен бір турбина жөнделді. Кестеге сәйкес 13 қазандық пен 6 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, 24 қазандық пен 11 турбинада жөндеу жұмыстарының мерзімі келген жоқ.