19.05.2017
Orda Glass Ltd» ЖШС атынан зауыт басшылығы мен Қытай ұлттық құрылыс материалдары корпорациясының (China National Building Materials) еншілес компаниясы «China Triumph International» қытайлық көпсалалы компаниясы арасында стратегиялық серіктестік және Қызылорда облысындағы зауыт құрылысы жұмысын аяқтау бойынша екіжақты келісімге қол қойылды.
China Triumph International әйнек шығару саласындағы әлемдегі үздіктердің бірі және Guardian Glass, AGC Asahi Glass, Nippon Sheet Glass (Pilkington) секілді жетекші өнеркәсіптік корпорациялардың стратегиялық серіктесі болып табылады.
Қытай тарапы өте мөлдір әйнектер, көпфункциялы табақ әйнектер және жоғары қосымша құнға ие басқа да әйнек өнімдерін өндіру бойынша қосымша желілерді орнату арқылы Зауыт мүмкіндігін кеңейтуге қызығушылық білдірді. Қол қойылған келісімдерге сәйкес, қытайлық серіктес тиісті тәжірибеге және білімге ие бас мердігер болады.
Қазіргі таңда «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ға «Orda Glass Ltd» ЖШС-нің 10% үлесі тиесілі. «ARP company» ЖШС (69,71%) жәнесі «Stewart Engineers» компаниясы (20,29%) жобаның негізгі акционерлері болып табылады.