18.05.2017
Спикердің айтуынша, мұндай нәтижелерге өндірушіден тұтынушыға жеткізетін делдалдар тізбегін болдырмау арқылы қол жеткізілді. Барлық ет, балық, жеміс-көкөніс, сүт өнімдерін тікелей фермерлердің өздері жеткізеді. Қазіргі уақытта, жақын орналасқан облыстардың ауылшаруашылығы тауар өндірушілерімен 30 шарт жасалды, жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 250-ге дейін жеткізілетін болады.
Жалпы, 2017 жылы ауданда «OBI» әлемдік стандартты құрылыс материалдарының, жабдықтар мен құралдардың жаңа неміс гипермаркеті ашылады. 200 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, инвестиция сомасы 5 млрд. теңгені құрайды.
Сондай-ақ, ауданда 18 өнеркәсіп кәсіпорны орналасқан. 2016 жылдың ішінде өндірістік кәсіпорындар 85,3 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бөлшек сауда айналымының көлемі 303,3 млрд. теңгені құрады.