• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
1 маусымнан бастап теміржол вокзалдарында жолаушылардың жүктері тексеріледі 18.05.2017

Сонымен, биыл 1 ақпаннан бастап Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдарында тексеру енгізілді. Ал 1 сәуірден бастап Астана қаласы вокзалында тексеру ұйымдастырылды.

Қалған 15 вокзалда (Қарағанды, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Орал, Қызылорда, Маңғышлақ, Атырау, Жамбыл, Шымкент, Бейнеу, Шу, Семей, Петропавл, Павлодар) тексеру 2017 жылдың 1 маусымынан енгізіледі.

Елордада жаңадан пайдалануға берілетін «Астана - Нұрлы жол» вокзалында да осындай қауіпсіздік шаралары қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазанда бекітілген Ережеге сәйкес, террорлық қауіп-қатердің қандайда бір қауіптілік деңгейі жарияланбаған немесе қауіптің орташа деңгейі («сары») жарияланған жағдайда, жолаушылар мен келушілердің заттары, оның ішінде қол жүктері мен багаждары ішінара тексерілетін болады.

Ішінара тексеру қағидасы көлік инфрақұрылымы нысанындағы тексеру пункті қызметкерлерінің күдігін тудырған жолаушыларға және келушілерге, олардың заттары мен қол жүктеріне, багаждарына қолданылады.

Қауіптің жоғары («қызғылт сары») және өте қатерлі («қызыл») деңгейі жарияланған жағдайда барлық жолаушылар мен келушілер, олардың қолындағы заттары, оның ішінде қол жүктері мен багаждары тексеріледі.


Back to the list