15.05.2017
«Өнеркәсіпте 70 млрд теңгеге өнім өндірілді, бұл республикада 4-орынды алады. Тамақ өнімдерінің өндірісі 14,3% өсті, соның ішінде ұн өндірісі заттай көріністе - 37,7%, макарон — 35,6%, ұзақ сақталатын кондитерлік тағамдар — 12,8%, сүт өнімдері 4,1% артты. Жеңіл өнеркәсіп өнімінің өндірісі киім тігу есебінен екі есе ұлғайды», - деп ақпараттандырды СҚО Статистика департаментінің басшысы Марал Нұржаупова.
Сонымен бірге, платформа-контейнер тасымалдаушылар мен мамандандырылған автомобильдер өндірісі машина жасау саласында 3,4 есе өсімді қамтамасыз еткен. Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісіндегі өсім құбырлар, терезелер мен есіктер, үй заттарын шығару есебінен 133% құрады, деп атап өтті департамент басшысы.