15.05.2017
Батыс Қазақстан облысында 55 елді мекенге таза ауыз су тартылмақ. Сондай-ақ 35 ауылдық округке көгілдір отын кіргізіледі. Осы ретте Казталов ауданында 12 елді мекенге "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша су құбыры тартылады. Бұдан бөлек, Қазталов ауданының орталығында 24 үй салынбақ.
Жалпы ұзындығы 103,249 шақырымды құрайтын жобаның құны 778, 174 млн теңге. Жоба толық аяқталғаннан кейін Қазталов ауданының 1383 тұрғыны таза ауыз сумен қамтылатын болады.