13.05.2017
Сонымен, жәрмеңкеге шамамен 300 т өнім әкелінді, оның ішінде 40,5 т - ет өнімдері, 177,5 т - көкеністер, 2,7 т - сүт өнімдері, 10 мың дана құс жұмартқасы, 13 тоннаға жуық шамада балық, 2 т -шұжық өнімдері мен 2 т - бал және т.б. бар. Жәрмеңкедегі баға қалыптасқан дәстүр бойынша базар бағасынан 15–20%-ға төмен болады.
Жәрмеңкеге үш облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары мен 190 қайта өңдеу кәсіпорындары қатысуда.
Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы Қазақстан аймақтарының ауыл шаруашылығы өнімінің жәрмеңкесі «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өткізілуде. Алдағы уақытта, 27-28 мамырда астаналықтарға Атырау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімдерін ұсынатын болады. Жалпы, 200-ден астам ауыл шаруашылығы өнімінің жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.