12.05.2017
Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, А. Баталов алдымен «Империя Фуд» ЖШС-ның ет комбинаты құрылысының барысымен танысты. «Империя Фут» серіктестігі былтырдан бері инвестиция көлемі 2,3 млрд. теңгені құрайтын ет өңдеу зауытының құрылысын жүргізуде. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қыркүйек айында аяқталуы тиіс. Бұл жобаның қуаттылығы жылына 8 мың тонна ет өңдеуге қауқарлы болмақ. Зауытқа дейін инфрақұрылым жүргізу үшін облыстық бюджеттен 80,1 млн. теңге бөлінген.
Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Серіктестік бұған дейін инвестициялық құны 1,4 млрд. теңгені құраған мал бордақылау алаңын 2014 жылы салған болатын. Бүгінгі күні мұнда 2700-ге жуық бас мал семіртілуде. Жыл басынан бері 55 тоннаға жуық ет өткізілген.