12.05.2017
Қарағанды қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағын қалыпқа келтіру жұмыстарына 2017 жылы бюджеттен 503 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 11 гектар саябақ аумағы абаттандырылады деп жоспарлануда. Жобада осыған дейін меңгерілмеген жерлерде демалушыларға жағдай жасалады деп көрсетілген. Жуырда ол жердерде жүгіретін және велосипедке арналған жолдар салынады. Шағын көлді тазартып, жағалау салу көзделіп отыр.
«Қарағандының орталық саябағы бірегей, ол Қазақстандағы ең үлкен саябақ, жалпы аумағы 150 га. Оны тіпті аумағы 200 га құрайтын Нью-Йорк саябағымен салыстыруға келеді. Бірақ ол жақта тұрғындар көбірек. Сонымен қатар саябағымыз ыңғайлы, қала ортасында орналасқан және жасыл екпелер көп», - дейді жоба авторы, ландшафт сәулетшісі Роман Шнайдерман.
Жобаны ұсынып отырған компания Астана, Алматы, Тель-Авивтегі саябақтарды абаттандырған.
«Кеңес заманында қарағандылық саябақтың тек шағын ғана аумағы белсенді дамыған, ал үлкен бөлігі табиғи аумақ ретінде қалған. Біз саябақты 2011-ші жылдан бастап жетілдіре бастадық, 20 жылға шақталған ғаламдық жоба құрылған болатын. Біртіндеп оны меңгере бастады. Орталық аллеяны, жағалауды абаттандырдық. Сонан соң оңтүстік бөлікті меңгеруді ұйғардық, қазір ол табиғи аумақ ретінде, тиіспеген күйінде тұр», - деді Роман Шнайдерман.
Жалпы есептегенде саябақтың 70 гектардан астам аумағы абаттандырылады деген жоспар бар. Жетілдіру жұмыстары біртіндеп жүргізіледі. Қайта қалыпқа келтірудің бірінші кезеңі үш жылға шақталған, 2017-ден 2019-шы жылға дейінгі уақыт аралығында, жәнеде 36 га ауданды қамтиды. Көріктендіру жұмыстарына 1,5 млрд. теңге қарастырылған, қаржыландыру біртіндеп жүзеге асырылады.
Әкімдіктен атап өткнедей, 2017 жылы 11,77 га саябақ аумағын абаттандыру жоспарда тұр. Тапсырыс беруші – «Қарағанды қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ. Жобалаушы – «АстанаИнжПроект» ЖШС. Жұмыс мерзімі – маусым-қазан.
Жоспарда скалодром, роллердром, арқаннан жасалған құрылыстар орнату бар. Келесі кезеңдерде қарағандылықтар үшін биіктігі 50 метрді құрайтын жаңа шолу дөңгелегі мен аквапарк салынады.