05.05.2017
Бүгін Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин басқарған делегация өкілдері аймақаралық ынтымақтастықты дамыту аясында ашылған алғашқы әуе бағытымен Шымкент қаласына жол тартты.
Ақмола облысының ақпараты бойынша облыс әкімдері Мәлік Мырзалин мен Жансейіт Түймебаевтардың қатысуымен өтетін кездесу барысында тараптар Ақмола облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының ерекшеліктері мен экономикалық әлеуетін, сондай-ақ өзара ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайтын болады.
Делегация Көкшетау-Шымкент жаңа әуе бағытының салтанатты ашылу рәсіміне қатысуды, интеграция аясында аймақаралық байланысты дамыту мен кеңейту жөнінде меморандумдарға қол қоюды және бірқатар ұжымдардың жұмысымен танысып, өндірістік нысандарды аралауды көздеуде.