• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбе облысында мыс пен мырыштың жаңа кеніші салынады 03.05.2017

Өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірісі Хромтау ауданы экономикасының жетекші салалары болып табылады. Аманғали Бердалиннің айтуынша, есептік кезеңде өнеркәсіптік өнім көлемі 59,5 млрд теңгені құрап, 2016 жылғы кезеңмен салыстырғанда 8,6% өскен.

Ауданның өнеркәсіптік өндіріс көлемінің негізгі үлесін хром рудасы мен хром концентратының өндірісі құрайды. Мыс рудасын өндіру көлемін арттыру шаралары қабылдануда. «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС қуаттылығы жылына 500 мың мыс-мырыш рудасы болатын «Көктемгі-Арал» кенішінің құрылысын жүргізуде.  Кеніш 2018 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Инвестицияның көлемі шамамен 30,8 млрд теңгені құрайды.

Сол арада, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі есептік кезеңде  2,1 млрд теңгені (100,3 %) құрады. 9 ауыл шаруашылығы кооперативін құру есебінен ет пен сүт өндірісі артты.

«Жалпы, тұтыну және өндіру балансының сараптамасы 2016 жылдың қорытындысы бойынша отандық өндірісте ішкі азық-түліктің ет, сүт, жұмыртқа, ұн, жеміс-жидек, картоп сияқты негізгі өнімдерін тұтынудағы үлесі 100%-ды  құрайды», - деді аудан әкімі.

Ол сонымен қатар, ағымдағы жылы Хромтау ауданының жалпы егіс алқабы 85,2 мың гектарды, суармалы жерлер алаңы 1860 гектарды құрайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, аудан әкімі Хромтау ауданындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті жүзеге асыру мәселелеріне де тоқталды.

«2017 жылы Хромтау қаласында МЖӘ аясында үш ірі нысанның құрылысы жоспарлануда. «Шығыс-хром» ЖШС есебінен мәдени-демалыс орталығының ғимараты салынбақ. «Казхром» ТҰК АҚ бөлімшесінің Дөң кен байыту комбинаты 320 орындық балабақша тұрғызады. Сонымен қатар, спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарда бар», - деп хабарлады Бердалин.  


Back to the list