• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда жаңғыртудан кейін тұрмыстық химия өндірісі іске қосылды 29.04.2017

Алматы қаласы кәсіпкерлік пен индустриалды-инновациялық дамыту басқармасынан хабарлағандай, құрал-жабдықтарды жаңарту өндіріс қуаттылығын арттыруға, тауардың өзіндік құнын  шетелдік аналогтармен салыстырғанда 2 есе төмендетуге мүмкіндік берді.

Тауарлар ассортиментінің 50 атауы бар, олардың ішінде бактерияға қарсы сұйық сабын, жуу құралдары, кір жуу гелі, шыны тазартқыштар бар. Кәсіпорынның бас директоры Самир Али Дерехтың айтуынша, өндірілген өнімнің  60% Алматыда қалса, қалған 40% Қазақстанның өзге аймақтарына жөнелтіледі. 


Back to the list