21.04.2017
Бұл шара ЭКСПО-2017 іс-шарасын өткізуге орайластырылған, сондай-ақ ол қазақстандық және шетелдік туристерге арналған тур-топтамаға енгізілген.
Жалпы алғанда, аудан инвестицияларды тарту жөнінде оң көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Жылдың басынан бері ауданда шамамен 30 млрд. теңге инвестиция игерілді, оның 14%-ы шетелдік инвестициялар.
Бұдан басқа, инфрақұрылымды дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Бұдан басқа, аудандағы Ерменсай-2/2 шағынауданында мамандандырылған жеке мектеп құрылысын салу және жалпы алаңы 54,4 гектарды құрайтын «Атакент» Қазақстанның іскерлік ынтымақтастық орталығының аумағын қайта құру жұмысы басталады.
Сондай-ақ, дат сәулетшісі Ян Гейлдың тұжырымдамасының шеңберінде аудандағы «Южный» саябағы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағы (веложолдар, суармалы су құбырлары, жарық беру желілері), Байсейітова көшесіндегі «Жас Қанат» шағын бағы көркейтіледі.