• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
БҚО әкімі үйлестіру кеңесінің отырысын онлайн көрсетуді тапсырды 12.04.2017

Бұл бастама облыс әкімінің биылғы тұрғындар алдындағы есебі кезінде көтерілген болатын.

«Кәсіпкерлер мен тұрғындар жобаларды қаржыландыру мен субсидиялар бөлінісінен хабардар болу қажет. Халық арасында күдік тудыратын, адами қарым-қатынастар бар отырыстардың барлығы да онлайн режим арқылы таратылуы керек. Мемлекеттен бөлініп отырған қаржының жұмсалуын халық біліп отыруы тиіс» - деді Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, бұл Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы арасында жемқорлықтың алдын алу бойынша әзірленген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.


Back to the list