• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жер телімдерін алу үшін 110 мыңнан астам ақмолалық кезекте тұр 08.04.2017

ҚР Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес азаматтардың жер телімін алу туралы өтініштері әлеуметтік есепке алынып, пайдалануға жер телімі дайын болған жағдайда немесе бос жер болған жағдайда беріледі.

Сондай-ақ жер телімі сол аймақта барлық қажетті коммуникация тартылған жағдайда ғана беріледі.

Ал, елді мекендерде жер телімі орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі болмағандықтан электр жарығы тартылған жағдайда ғана беріледі.

Жер телімін беру кезекке сәйкес жүргізіледі. Ал, бұл тізімді Ақмола облысы мен аудан әкімдіктерінің, Көкшетау мен Степнагорск қалалары әкімдіктерінің сайтынан көруге болады.

Айта кетерлік жайт, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер телімдері уақытша пайдалану құқығы негізінде 3 жылға (жалға) 0,10 га көлемінде беріледі. Осы уақыт аралығында азамат жер телімін толық игеріп үлгеруі тиіс. 


Back to the list