• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО-да «Ертіс» ӘКК  қаражатына  төрт көпқабатты үй салынады 07.04.2017

Бюджеттік қаражат аясында «Ертіс» ӘКК арқылы  биыл пайдалануға 298 пәтерлік   4 көпқабатты үй беріледі. Оның ішіндегі   238 пәтерлік  үш үй Өскеменде,  60 пәтерлік бір үй Семейде  салынады. Тұрғын үй Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жүзеге асырылады.

« «Ертіс» ӘКК қосымша инвестициясы мен  қайтарылма қаражаты есебінен  Өскемен, Семей, Аягөз қалаларында 13 үйдің құрылысы  жүзеге асырылады. Семейде «Қарағайлы» шағын ауданында 5 жаңа мекеме ашылады. Өскемен қаласының Сәтпаев көшесінде  оңалту орталығы мен театр аралығында  5 үйді қамтитын тұрғын кешені салынып жатыр», - делінген хабарламада.

Облыс орталығындағы құрылыс  «Ертіс» ӘКК  пен «Техногруп» ЖШС инвестициясына жүзеге асырылады. Кешен 216 пәтерлік 9 қабатты  5 үйден тұрады. Оны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі аясында  өңірлік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы  бойынша  жүзеге асырмақ. 1 шаршы метрдің  құны  165 мың теңге. Нысанды пайдалануға беру  2018 жылға жоспарланған. 


Back to the list