• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Биыл  Ақтөбе облысында 650 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі 06.04.2017

2017 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында барлық қаржы көздерінің есебінен кем дегенде 650 мың шаршы метр тұрғын үйді немесе 6000 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. Соның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жергілікті қаражат есебінен халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігі үшін жалдамалы тұрғын үй және жергілікті атқарушы биліктің кезекте тұрған өкілдері үшін жалдамалы баспана салу жоспарлануда.

Аймақ бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер теліміне кезекте тұрғандар санының 130 мыңнан асатынын ескерсек, өңір үшін басым бағыттардың бірі - жеке тұрғын үй құрылысын дамыту болып табылады.

«Бұл үшін барлық қажетті жағдай бар. Өңірдегі құрылыс индустриясының әлеуеті әлдеқайда жоғары. Тұрғын үй құрылысы үшін, соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін қажет негізгі материалдар мен өнімдер облыстағы кәсіпорындарда салынады. Инертті материалдар қоры да жеткілікті. 2016 жылы құрылыстың құны мен мерзімін төмендетуге мүмкіндік беретін Үй құрылысы комбинаты пайдалануға берілген болатын. ҮҚК технологиялары «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы жеке тұрғын үй құрылысына бағытталған пилоттық жобада қолданылмақ,-деді С.Төленбергенов.

Оның айтуынша пилоттық жобаның бірінші кезеңінде «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында 423 аз қабатты несиелік тұрғын үй салынатын болады. Бұған қоса, 2018-2020 жылдары аталмыш жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру мақсатында 1819 аз қабатты несиелік тұрғын үй салу жоспарда бар.

Айта кетейік, аудандарда салынатын тұрғын үй құрылысының инженерлік-байланыс инфрақұрылымына 7,5 млрд. теңге қарастырылған. Бұл 270,4 шақырымдық электр, газ, сумен жабдықтау және кәріз жүйесін  салуға мүмкіндік береді. 


Back to the list