• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақмола облысының мәдениет саласын қаржыландыру 40%-ға артты 04.04.2017

Спикердің айтуынша, соңғы үш жылда мәдениет саласын қаржыландыру 40%-дан асты. Өткен жылы мәдениет саласының бюджеті 4 млрд 290 млн теңгені құрады.

«Нәтижесінде мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайды. Соңғы үш жылда бюджет есебінен 52 мәдениет нысаны 810 млн теңгеден астам қаржыға жөндеуден өткізілді. Оның ішінде 34 нысан өткен жылы қалпына келтірілген болатын», – деп хабарлады  С. Бұрбаева.

Бұдан басқа, МЖӘ аясында 87 нысан жөндеуден өткізілді. Мысалы,  Целиноград ауданында «Астық»ЖШС-ның күшімен  Воздвиженка  ауылының Мәдениет үйіне 17 млн теңгеге, Сандықтау ауданында «Жабай»ЖШС  Петровск ауылының клубына 30 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмысын жүргізді.

Егер 2015 жылы мемлекеттік-жеке әріптестік аясында мәдениет нысандарының материалдық техникалық базасын нығайтуға 140 млн теңгеден астам қаражат бөлінсе, өткен жылы шамамен  168 млн теңге қарастырылды.


Back to the list