• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Қорғасқа» тәулігіне үш мың адам кіреді 29.03.2017

«Қытай тарапынан да келушілер қатары көбеюде. 2016 жылы Қорғаста 2 миллион 500 мың адам болды»,-дейді «Қорғас» ХШЫО» АҚ халықаралық серіктестік және инвестициялар басқармасының бастығы Құрбанжан Ахметов.

Оның айтуынша, қытайлық сұраныс иелері негізінен, экологиялық таза тағамдарға –оның ішінде нан өнімдері, ет, кондитерлік тағамдарды көптеп сатып алады. Әсіресе, қазақстандық омарташылардың балдары мен отандық өнім өндірушілердің минеральдық суларына сұраныс жоғары. Сыйлықтар мен әшекей бұйымдарына да қызығушылық басым».

2016 жылы қытайлық тұтынушылар қазақстандық өнім өндірушілерден 436 миллион доллардың түрлі тауарларын сатып алған.

Шекаралық сауданың қарқынды дамуы бірқатар кедендік ресімдеу мен визалық жеңілдіктердің жасалуынан да болып отыр. Жақында «Қорғас ХШЫО» АҚ шекаралық бақылау орны ашылғалы бері қазақстан тарабына екі миллионыншы адамның кіргендігі белгілі болды. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының Ленгер қаласының тұрғыны кәсіпкер С. Жүсіпова болып шықты. Оған «Наурыз мейрамы-2017» мерекелік шарасы кезінде естелік сыйлық берілді.

 


Back to the list