29.03.2017
Жақын арада Жуалы ауданының Қарасаз ауылының маңында 25 орындық амбулаторияның құрылысы басталады.
Жобаны жүзеге асыру сәуір айында басталады. Аталмыш дәрігерлік амбулаторияны 5 ай ішінде аяқтау жоспарлануда. Пайдалануға жыл соңында берілуі мүмкін. Мекеме құрылысына облыстық бюджеттен 126 436 мың теңге бөлінді.
Қордай ауданында қазіргі заманғы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жобасы жүзеге асырылуда. Жаңа кешен Қордай ауылында салынады.
Жоба 431 млн теңгеге бағаланып отыр. Құрылысты пайдалануға беру 2017-2018 жылдарға жоспарланып отыр. Бас жобалаушы «BS ARCHI GROUP» компаниясы.