15.03.2017
Басқарма басшысы Әлібек Несіпбековтің айтуынша облыс аумағында қазба байлықтарды арнайы рұқсатсыз өндіру фактілері жиілеп кеткен.
«Мысалы, «Eurasia Copper Miyaly» ЖШС-ің мыс кендерінің орнын анықтауға ғана рұқсаты болғанымен, олар өз өкілеттілігін шамадан тыс пайдаланып, мыс кенін өндіре бастаған. Осының нәтижесінде кәсіпорын мемлекетке 500 миллион теңгенің көлемінде шығын келтірді.Қазіргі кезде Инвестицияларды дамыту министрлігі бұл компаниямен жасалған келісімшартты бұзу мәселесін қарастырып жатыр» , - деді ол. –
Ағымдағы жылы мұндай заңсыздықтардың алдын алу үшін кен орындарына ғарыштық зондтау жүйесінің көмегімен мониторинг жасаудың пилоттық жобасы іске қосылады. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен тиісті келісімшарт жасалды.
«Кен барлау жұмыстарының маусымдық сипатын есепке алсақ, бақылау жұмыстары сәуірден қарашаға дейін жүргізіледі», - деді басқарма басшысы.
Жер қойнауы пайдалану басқармасы жүйелі жұмыстың нәтижесінде кен өндірумен айналысатын кәсіпорындардың бюджетке төлейтін әлеуметтік төлемдерінің көлемін арттыруға қол жеткізді. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов бұл туралы осыған дейін айтқан болатын.
Мысалы, егер «Павлодартұз» ЖШС-і бұған дейін бюджетке 700 млн теңге аударып келсе, үстіміздегі жылы әлеуметтік төлемдердің көлемі 10 миллион теңгені құрайды. Жалпы алғанда, биыл облыстық кен өндірушілер бюджетке аударын әлеуметтік төлемдердің көлемі 140 миллион теңгеге дейін артады деп күтіліп отыр.