15.03.2017
Айта кетейік, қазіргі таңда облысымызда балық өнімдерін қайта өңдейтін 3, балық өсіретін 28 шаруашылық бар. Мәселен олар 2016 жылы 5213 тонна балық өнімдерін өндірген.
Семинарда сөз алған аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев ауыл шаруашылығын дамытудағы негізгі басымдықтарға тоқталып, шаруаларды кооперативтерге бірігуге шақырды.
«Біздің облыстың болашағы - ауыл шаруашылығында. Сондықтан тәжірибесі мол шаруа қожалықтары тірлігін енді бастаған әріптестеріне барынша қолдау білдіруі қажет. Білгенін үйретіп, аяқтан тұруына көмек қолын созғаны абзал. Сонда ғана ұсақ шаруашылықтарды біріктіруге, ірі жобаларды іске асыруға кіріктіруге болады. Бұл өз кезегінде мемлекет тарапынан бөлінген субсидияларға қол жеткізуге ықпал етеді. Ең бастысы – Оңтүстіктің ауыл шаруашылығы дамиды», - деді Жансейіт Қансейітұлы.