10.03.2017
А. Досжановтың айтуынша, аталған қолдау шараларының нәтижесінде аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері оң серпінге ие. Атап айтқанда, облысымызда 47 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген.
2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша аталған салада 81 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылып, 158,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.
Айта кетейік, өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 1,6 млрд. теңге бөлінді. Жалпы бағдарлама шеңберінде 2016 жылы жалпы несие қоржыны 29,1 млрд. теңгені құрайтын 401 жоба субсидияланды, сондай-ақ шағын және орта бизнестің 48 субъектісі жалпы құны 850 млн. теңгеге кепілдік ұсынылды.