09.03.2017
«2016 жылы барлығы 6 мың гектар дәнді дақыл егіліп, 13,6 ц/га-дан 8,3 мың тонна өнім жиналды. Былтырғы жылмен салыстырғанда жиналған дәнді дақылдар мөлшері 12,6 есеге өсті», - делінген хабарламада.
Сүт өндірісі – 2,6%-ға, жұмыртқа өндірісі – 3,6%-ға өскен. Ірі қара мал бас саны 5,5%-ға көбейді. Қалада 44 мыңнан аса көкөніс-бақша өнімдері, соның ішінде 1343 га. алқапқа картоп отырғызылып, 19,5 мың тонна өнім жиналды.
Агроөнеркәсіптің ауқымын кеңейту жолында «Агробизнес – 2020» бағдарламасының үлесі зор.
2016 жылы аталмыш бағдарлама аясында аграрияларға жалпы сомасы 192 млн. теңгенің субсидиясы бөлінді.