06.03.2017
«Желтоқсан айында біз Голландиядан әкелінген қызғалдақтардың баданаларын отырғыздық. Тікелей жеткізіліммен келді. Барлығы – 12 сұрып, соның екеуі жаңа», - деді «Green Technology» ЖШС бас агрономы Галина Кизилова.
Кез келген талғамды қанағаттандыратын түстері табылады. Қызыл, сары, жиегі алқызыл ақ түсті, көкшіл, қызғылт.
«Биыл 50 мыңнан аса қызғалдақ Ақтауға жөнелтілді. 20 мыңы - Астанаға. Павлодарда да көтерме сатып алушыларымыз бар»,- деді «Green Technology» ЖШС бас агрономы Галина Кизилова.
Бізде өсірілген қызғалдақтардың жартысынан астамы жергілікті нарықта сатылады.
Жылыжай кешені қияр өсіруге маманданған. Ад гүлдер – қосалқы өнім. Қызғалдақтар кесіліп алынған соң, қиярлар отырғызылады.